Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы қоғамдық моншада жылу қазандығы жарылып, 1 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО-дағы жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты
982
оқылды

Департамент мәліметінше, оқиға 14 қазанда Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде болған.

Бірқабатты қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылу қазандығы жарылды.

Соның салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

– Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді. Қазандық жарылған кезде монша ішінде адамдар болмаған. ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты тазалауда, – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Зайсан қаласына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев жолға шықты.