Сапар барысында бірнеше маңызды кездесу жоспарланған.
Мемлекет басшысы ресми сапармен Қытайға барады
1,023
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17-18 қазан күндері Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Aikyn.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.