Астана қаласындағы Алжир елшілігінің ғимаратында Алжирдегі Ұлттық иммиграция күніне орай Францияда 1961 жылы 17 қазанда болған оқиғаның құрбандарын еске алды.
«Қаһармандардың мәйіті судың бетіне қалқып шығып жатты» – Алжир елшісі ақиқатты айтты
1,028
оқылды

Іс-шараны Алжир Демократиялық Халықтық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Фиништің ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Елші алжирлік қаһарман батырлардың рухына арнап Құран оқыды. 1961 жылғы оқиғаның мән-жайын айтты. 

Елші Камал Фиништің айтуынша, мейірімді Қазақ жерінде Иммиграция күнін атап өтіп отыр.

«Құрбандарды мәңгі есте сақтау үшін Парижде 1961 жылы 17 қазанда болған қанды қырғын қаһармандардың рухына арнап, бір минут үнсіздік жарияладық. Халықаралық трибунал заңына сәйкес, бұл оқиға – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. 

Оқиғаның басты қаһармандары, ол Францияда тұратын алжирліктер еді. Олар сол жерде азат ету революциясының үнін бейбіт жолмен жеткізу мақсатында демонстрацияға шықты. Сондағы бар ниеті бүкіл алжирліктердің тәуелсіздік алғысы келетінін әлемге жария ету еді. Әйтсе де, бұл бейбіт шеру қанды қырғынға ұласып, француз полициясы демонстранттарға оқ атып, марқұмдардың мәйітін Сена өзеніне тастады. Келесі күнінде сол мәйіттер судың бетіне қалқып шығып жатты. 

 

1961 жылғы 17 қазандағы демонстрациялар бейбіт түрде болғанын әрбір алжирлік өзінің санасында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жадында сақтап келеді. Бұл халқымыздың қанша заман өтсе де, өзіне берген шынайы уәдесі мен өзгермейтін ұстанымы, парызы», – деді Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш. 

Бұған дейін  Алжир елшілігі қазақ жерінде елдің тәуелсіздігін атап өткенін  хабарлаған болатынбыз.