Жөндеу кезінде құрылғыдағы деректерді қорғайтын Android операциялық жүйесіне арнайы режим қосылады. Бұл туралы Android Authority сайты хабарлайды. Android-та жақын уақытта қосылатын «жөндеу режимі» деректерді шпиондық бағдарламадан қалай қорғайтынын Aikyn.kz түсіндіреді.
Фото mobiltelefon.ru сайтынан алынды
Смартфондар жылдар бойы керемет төзімді болғанымен, қолдану барысында олардың нәзік электроникасынан ақау шығады. Бірақ смартфон қолданушының көптеген жеке дерегін сақтайтын орынға айналды. Жөндеу кезінде техниктер оларды теріс пиғылда қолдануы мүмкін деген қорқыныш әркімде болады.
Бұрын сақтық ретінде жөндеуге беретін телефондағы барлық деректердің көшірмесін жасауға тура келеді. Google бұл процесті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етуді ойластырған сияқты.
Енді жөндеу режимін қосып смартфондағы деректерді өшірмей-ақ жөндеуге жіберуге болады. Жөндеу режимінде қызмет көрсету техниктері жеке қолданбалар мен деректерге қол жеткізе алмайды, бірақ диагностикалық мақсаттар үшін телефонның жүйелік жұмысын тексере алады.
Мына видеода жеке деректерді қорғау туралы айтылады. Бұл өте пайдалы:
Мамандар жаңа режимді қызмет көрсету орталықтарына өткізген телефондағы жеке деректерді (контактілер тізімін, фотолар, бейнелер мен т.б.) қорғаудың жақсы әдісі деп бағалауда. Жаңа режим Android-тің алдағы нұсқаларында пайда болады деп күтілуде.
Жөндеу режим смартфон параметрлері арқылы іске қосылады. Содан кейін смартфон қайта жүктеледі және қолданушының жеке деректерінсіз смартфонда «таза» операциялық жүйе іске қосылады. Жөндеу режимінен шығу үшін құрылғы иесі цифрлық құпия сөзді енгізуі керек.