Елімізде Құтқарушылар күні жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекемен құттықтады
576
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.