Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияға қатысушы жастардан нақты ұсыныстар күтетінін айтты.
Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды
665
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанадағы Конгресс орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференциядағы баяндамасында қатысушы жастардан нақты ұсыныстар күтетінін айтты.

«Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, бұл коалицияның негізгі міндеті денсаулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек.

«Мен бүгін жас делегаттардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек саясаты мен тәжірибесі туралы қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.