Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жауын-шашын, тұман, жел: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,079
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, шығыста қалың қар, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болып, жаңбыр жауады.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.