Белгілі болғандай, апат кезінде Костенко шахтасында 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
Қарағандыдағы шахтада жарылыс: 7 жұмысшының мәйіті табылды
760
оқылды

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, апат кезінде Костенко шахтасында 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

"7 кеншінің мәйіті табылды. Апат орнында кәсіби-әскери авариялық құтқарушылар жұмысты жалғастыруда. Арнайы жедел штаб құрылды. Оның құрамында Қарағанды ​​облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, Бас прокурордың бірінші орынбасары бар. Қарағанды ​​облысының арнайы құқық қорғау органдары Костенко атындағы шахтасына келді.

Болжам бойынша, лавада газ метан жарылысы болды», - делінген хабарламада.