Енді 1 жұмысшы іздестірілуде.
Шахтадағы апат: 45 кеншінің мәйіті табылды
894
оқылды

Костенко атындағы шахтадағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, 45 кеншінің мәйіті табылды, 1-еуін іздеу жалғасып жатыр.

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушылары  өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. 

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;

- металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;

- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.