Бұл марапатты франциялық France Football журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді.
2023 жылғы «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды
5,340
оқылды

«Алтын доп-2023» марапатының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz offside.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл «Алтын доп» иегері атақты футболшы Лионель Месси болды.

Бұл марапатты франциялық  France Football  журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді.

Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси бұған дейін  France Football  журналы жариялаған «Алтын доп» марапатына 2009, 2019, 2021 жылдарда ие болған еді. Сондай-ақ 2010, 2011, 2012, 2015 жылдарда «ФИФА Алтын добы» жеңімпазы атанды.

Үздік ойыншылар тізімі мынадай:

Джуд Беллингем («Реал Мадрид» және Англия құрамасы)  «Үздік жас футболшы»;

«Барселона» (Испания)  «Жылдың үздік әйелдер командасы»;

«Манчестер Сити» (Англия)  «Жылдың үздік ерлер командасы»;

Эмилиано Марттинес («Астон Вилла» және Аргентина құрамасы)  «Жылдың үздік қақпашысы»; 

Эрлинг Холанд («Манчестер Сити» және Норвегия құрамасы)  «Жылдың үздік шабуылшысы»;

Айтана Бонмати («Барселона» және Испания құрамасы) әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды.