Google-дің іздеу жүйесі барған сайын жетіле түсуде. ЖИ чат-ботының (Google Bard) логикасы мен пайымдауы жаңаланып айтарлықтай жақсартылды. Чат-бот математикалық есептер шешетін, компьютерлік бағдарламалар жазатын мүмкіндіктерге ие болды.
Математика мен физикадан үй тапсырмасын Google жасап береді
4,183
оқылды

Slashgear.com сайтында жарияланған мақалада Google қосымша жаңартулары студенттерге, зерттеушілерге және қызықты ойы бар кез келген адамға күрделі математика мен физиканы жақсы түсінуге, есептер шешуге көмектесетіні жазылды. Эссені ChatGPT-ге жаздырған, есептерді Google Bard-қа шештірген оқушылар мен студенттердің білім деңгейі қалай болмақшы деген проблеманы Aikyn.kz сайттағы материалға сүйене отырып талдайды.

Фото tlt.ru сайтынан алынды

Google бұл жаңа мүмкіндіктер студенттер мен зерттеушілерге, басқа да мамандарға күрделі жаратылыс заңдарын оңайырақ және тиімдірек түсінуге көмектесетін, қажетті ақпарат пен құралдар табуға көмектесетін құнды ресурстар болады деп бағалайды.

Мысалы, білім алушылар көбінесе қиын математикалық есептерді шығара алмаса ашуланып, ренжиді. Осындай кездерде кеңес беру немесе дұрыс бағытты көрсету, жаңа ой беру оларға өте пайдалы болуы мүмкін. 

Бұрын осы рөлді ұстаздар атқарып келсе енді Google іздеу қызметін пайдалану арқылы қиын есептердің шығару жолын үйреніп, компьютерлік кодтар жазуға болады. Оқушы Google-дің іздеу жолағына теңдеуді жазып, чат-боттың оны логикалық пайымдаулар арқылы қалай шешетінін көріп, сонымен қатар шешу жолдарының түсініктемесімен танысады. 

Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Thaspol Sangsee

Бұл жаңартулар сөзбен сипаттау қиын геометриялық есептерді де шешеді. Мысалы, егер үшбұрыштың ауданын табу керек болса және үшбұрыштың екі жағының ұзындығы жазылған сурет берілсе, онда Google Lens қолданбасының кеңейтілген мүмкіндіктері арқылы диаграмманы суретке түсіріп (немесе оның суретін салып) есептің жауабы мен толық шешілу жолын алуға болады. Google Lens қолданбасын графиктер мен, диаграммалардағы ғылыми ұғымдарды анықтауда қолдануға болады.

Фото habr.com сайтынан алынды

Google іздеу жүйесінің жаңа мүмкіндіктері математика және физика есептерін шешуді жеңілдетумен қатар, студенттерге интерактивті, түсінуге оңай 3D диаграммалар арқылы күрделі тақырыптарды жеңіл жолмен үйретеді.

Жаңа 3D диаграммалардың көмегімен 1000-ға жуық биологиялық, химиялық, физикалық, астрономиялық ұғымдардың анықтамаларын қамтитын зерттеулерді үйде отырып жасауға мүмкіндік туды.

Чат-бот есеп шығарып көмектесетін болса көптеген отбасыларда мынадай жағдайлар болмайтын шығар:

Білім беру саласына Google-дің жаңа ұсыныстары қандай өзгерістер алып келетіні белгісіз.

ChatGPT-ді қолданған студенттердің білімі төмен болады, үй тапсырмаларын чат-ботқа жаздырған білім алушының ойлау қабілеті мен тұлғалық қасиеттері де төмендейді деген қауіптер оқытушылар мен профессорлар тарапынан жиі айтылуда.

ChatGPT-ді қолдануға тыйым салуға шақырған үндеулер жариялаған университеттер де бар. Сондықтан жаңа технологиялық дәуірде оқушының білімін тексеру жүйесін де қайта қарайтын уақыт келген сияқты.