Марк Цукерберг пен Илон Маск аралас жекпе-жекке шығамыз деп жаз айларында жариялағаны белгілі. Әрине бұл аудиторияның қызығушылығын күшейтетін PR болуы да мүмкін. Маск дайын болса да Цукерберг әзірше төбелеске жарамайтын шығар.
Марк Цукерберг төбелесіп жарақат алды
2,362
оқылды

Slashgear.com сайты Meta компаниясының бас директорының жаттығуда жарақат алғанын хабарлады. Аралас жекпе-жекпен (ММА) айналысатын миллиардер спарринг төбелесте жарақат алған. Aikyn.kz бұл жарақаттың болашақ Илон Макскпен төбелеске кедергі болу ықтималдығын түсіндіреді.

Фото Цукербергтің Instagram-дағы аккаунтінен алынды

Facebook пен Instagram-ның бас компаниясы Meta-ның директоры Цукерберг аралас жекпе-жек (ММА) жаттығулары кезінде жарақат алғанын хабарлады.

Миллиардер соңғы жылдары жекпе-жек спортымен айналысады. Ол Илон Масктың октагонда төбелесу туралы ұсынысын қабылдаған. Дегенмен екі миллиардер арасындағы төбелеске деген Цукербергтің құлшынысы төмендегенге ұқсайды. 

The Joe Rogan Experience бағдарламасында Маск Цукербергпен «кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген ереже бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан: «Мен оны кез келген жағдайда жекпе-жекке шақырамын» деген еді.

Тіпті: «мен Пало-Альтодағы (Калифорния) Марктың үйіне барамын. Мұның бәрі тікелей эфирде болады. Сондықтан көрермен біздің шытырманды оқиғамызды нақты уақытта бақылай алады! Егер сәтін салса және Марк шынымен есікті ашса, төбелес басталады!», – деп жазған еді Илон Маск тамыз айында.

Фото ferra.ru сайтынан алынды

Цукерберг болса Маскпен әлі де күресуге дайын екенін айтады. Соңғы жарақаттан кейін Цукербергке төбелесті кейінге қалдыруға тура келеді. Инстаграмдағы аккаунтінде Цукерберг спарринг кезінде омыртқаның айқыш байламын (крестообразная связка) үзіп алғанын және жақында ота жасатқанын жазған.

«Мен келесі жылдың басында MMA жекпе-жегіне дайындалдым, бірақ енді ол басқа уақытқа ауысады», – деп түсіндірді Meta бас директоры.

Илон Маск болса өзінің Цукербергті төбелесте жеңетініне сенімді. Оның ойынша, Цукербергтің бойы қысқа және салмағы жеңіл болғандықтан, жекпе-жекте табиғи түрде жеңіліс табатынын мәлімдеген. Ал Цукерберг болса жарақат алғанға дейін жаттығуларын жалғастыра берген:

Бірақ Цукербергтің жеңетіне сенімділер де бар. Өйткені ол 52 жастағы Масктен әлдеқайда жас.

Сонымен қатар, Цукерберг бразилиялық джиу-джитсумен айналыса бастады, турнирлерге қатысты, үйінің ауласында октагон да тұрғызған.

Қызық іздеген жанкүйерлер енді Цукербергтің жазылуын күтуде. Aikyn.kz атынан Маркке тез айығып кетуін тілейік.