Оңтүстік Кореяда робот адамды көкөніс салынған қораптан ажырата алмай езіп, өлтіріп алған.
Оңтүстік Кореяда робот адамды қораппен шатастырып, өлтіріп қойды
934
оқылды

Kazinform-ның жазуынша, 40 жастағы робототехника компаниясының қызметкері роботты тексеріп жатқанда жүйе жұмысы бұзылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оңтүстіккореялық Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, робот ер адамды көкөніс салынған қораппен шатастырып, оны ұстап алып, конвейерлік таспаға жақындатып, беті мен кеудесін езіп жіберген.

Қызметкерді ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қала алмады.

Yonhap дерегі бойынша, қайғылы жағдай бұрышты сорттау зауытында болған. Қаза тапқан ер адам 8 қарашаға жоспарланған тестілеу алдында робот жұмысын тексеріп жатқан болатын. Робот бұрыш салынған жәшікті көтеріп, паллетке қоюы керек. Әуелі сынақ 6 қарашаға жоспарланған, бірақ роботта қиындықтар туындап, кейінге қалдырылған.

Сәрсенбі күні кешке робот-қолды жасаған компания қызметкері машинаны тексеріп жатқан сәтте жүйеде іркіліс болады.

Зауыт иесі – Donggoseong ауылшаруашылық кешенінің ресми өкілі мәлімдеме жасап, «нақты әрі қауіпсіз» жүйе жасауға шақырды.

Оңтүстік Кореяда наурызда осыған ұқсас жағдай болған. Автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыттың 50 жастағы жұмысшысы робот-қолдың жолында қалып, ауыр жарақат алған болатын.