АҚШ-тағы Мичиганда жас жұбайлар тойынан бір күн өткеннен кейін лотереядан джекпот ұтты. Kazinform бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz..
– Мен үйленген күннің ертесіне билет сатып алып, қорғаныш қабатын сүрту үшін әйеліме бердім, – деді ұтыс иесі лотерея өкілдеріне.
Ол әйелі екеуі ұтыс көлемі миллион АҚШ доллары екенін түсінгенде өз-өзіне сенбегенін айтты.
– Біз шынында ұтыс иесі атанғанымызға сене алмай нұсқаулықты қайталап оқи бердік, – деп жалғастырды ол.
Лотерея өкілдерінің сөзінше, жеңімпаз бір реттік төлем арқылы 693 000 АҚШ долларын алады.
Аты аталмаған ұтыс иесі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр, бірақ әзірге қалай екені белгісіз.