Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі көз жұмды
580
оқылды

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болған.

Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысып, салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.