Бишімбаевтың ісі қандай бап бойынша тергеліп жатқаны айтылды.
Әйелін өлтірген экс-шенеунік қанша жылға сотталады?
834
оқылды

Бұрынғы ұлттық экономика министріне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп мәлімдеді.

"Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде "Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады" - деп жазды ІІМ-нен.