Тексеру жүргізіліп жатыр
Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды
1,422
оқылды

Степногорда хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Степногор қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсірген.  

Жедел-іздестіру  шаралары барысында жоғалған адамның елорданың медициналық мекемелерінің бірінде екені анықталды.

 Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқықбұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz