Танымал әнші Серікбол Сайлаубек ажырасқаннан кейін балаларымен сирек көрісетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бастары аман, дендері сау болсын. Оларды көрмеймін да. Үйде квартирант сияқтымын. Жалғыз өзім бәрін асырап отырғаннан кейін, бір жағынан береді, бір жағынан алады. Өзімді жақсы әкемін деп айта алмаймын. Өйткені, халықтың арасында жүргеннен кейін анда-мында тартады, бармасаң ренжиді. Басында соған көнгеннен кейін, қайда кетіп бара жатқанын білді ғой. Өкініш жоқ, біреу жұмыс істеп, асырау керек қой. Әке ретінде балаларыма көңіл бөле алмай жүрмін. Қазіргі балалардың бәрі телефонда ғой, сол телефонмен сырласады, әке-шешісі де телефон болды. Үлкенім анамның қолында, үшеуі анасымен", - дейді әнші.
Ол әйелімен бөлек кетуіне қызғаныш себеп болғанын да жасырмады.
"Әртіске кім шыдайды? Қызғанады, оны да түсінуге болады. Бөлек кеткенімізге 4-5 жыл болды. Көзім дұрыс көрмей қалды, сол көзбен алысып жүргенімде ол кісі мені түсіну керек еді. Өйткені, адам өзімен арпалысып жүргенде неге бір жағыма шықпады. Ол кезде ешкімнің көңіліне қарайтындай болған жоқпын.Жағдайын жасадық, үйі бәрі толық. Ол кісіні де кінәлай алмаймын. Осындай сынақты көтере алғаннан кейін Алла маған осындай сынақ берген шығар. Бір жетіге соқыр болып қалған кезде өмір тұрақсыз екенін түсіндім. Алланың сол сынағынан кейін мен біраз адамдарды біліп алдым. Пендеміз ғой, негізі ондай кезде қасыңда жүріп қолдау білдіру керек қой. Қиналған кезіңде қасыңнан табылмаған адам, бәрі жақсы болған кезде қайтып келгені дұрыс емес. Әйеліме "Осымен қоя салайық, мен проходной двор емеспін ғой" дедім. Келеді, кетеді, намысым бар, халық таниды. Мен әйеліме суып кеттім", - дейді Серікбол Сайлаубек.