Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Петропавл қаласының орталығынан ер адамның мәйіті табылды
776
оқылды

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.

"11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде", –  деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.