Реабилитолог Александр Шишонин суық ауа райының адам денсаулығына қаншалықты пайдасы тигізетінін жазды.
Суық ауа райының денсаулыққа қандай пайдасы бар? Дәрігер жауап берді
1,354
оқылды

Салқын күн райында пайда болатын интерферондар вирустар мен бактериялардан қорғайды,-  деп хабарлайды Aikyn.kz aif.ru сайтына сілтеме жасап. 

Маман сонымен қатар суық мезгілде серуендеу қан тамырларының жаттығуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Суықтың әсерінен олар үнемі жиырылып, кеңейіп, қан ағымын арттырады. Бұл тіндерге көбірек оттегін жеткізуге мүмкіндік береді.

“Дене ыстықтан гөрі суықты жақсы көреді. Салқын ауа райында адам жылы киініп, өзін жайлы сезіне алады. Төмен температурада ол ағза қатайып, күштірек бола түседі. Суық ауру мен спазмды жеңілдету үшін медицинада да қолданылады”, – деді Александр Шишонин. 

Реабилитолог қыста күнде бір сағат жаяу жүру кез келген жаста айтарлықтай жақсы өзгеріс беретініне сендірді. Дәрігер сонымен қатар адамдарға қыста автобустан көрі көбірек жаяу жүруге шақырды. Одан бөлек, қабаттап көп киім киюден бас тартуға кеңес берді.