Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Әлеуметтік төлемдер 7 пайызға өседі
839
оқылды

Министрлік мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өсетінін хабарлады, - деп жазды Aikyn.kz.

Атап айтқанда:

  • мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
  • №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
  • жерлеуге арналған біржолғы төлем;
  • бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған  жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедекті күтетін адамға мемлекеттік жәрдемақы.