Өртті жоюға 30 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Алматыда мейрамхана өртенді
940
оқылды

Алматыда түнде Modi Restoranchik мейрамханасының шатыры өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Қалалық ТЖД мәліметінше, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт сөндірушілерді ток соғу қаупі төнген.

«Жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Алайда өрт сөндірушілерге қауіп туындады – 380 вольтты электр желісінің ток көздері ашық болған. Жеке құрамның арасында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында, жедел келген авариялық энергетика қызмет бригадасы нысанды ток көзден ажыратып тастағанша күтуіне тура келді», – деп хабарлады департаменттен.

Қызыл жалын «Modi Restoranchik» мейрамханасының 95 шаршы метр шатырын шарпыды.

Қабылданған шара бойынша мейрамхана қызметкерлері үшін жақын орналасқан тұрмыстық үй-жайлар өрттен қорғалды.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің қызыл жалынды қалай сөндіргенін де көрсетті.