Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей жаңа алған баспанасын көрсетіп, қаламақысы қанша екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
"Үйді 93 миллионға алдық. Енді салынып жатқанда алдық. Жөндеу жұмысына жиһазымен қоса 50 миллиондай кетті. Бәріне 155-160 миллиондай ақша кетті", – деді Қайрат Әділгерей.
Сондай-ақ, әзілкеш қаламақысы туралы айтты.
"Келіскенге байланысты. Біреудің көңіліне, ниетіне қараймын. Біреулер болады: "Осы барымды жинап берсем де, сені шақырғым келеді" дегендерге қатаймаймын. Қатып қалған баға жоқ. 500 мыңнан бастап, 2 миллионға дейін", – деп бөлісті өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін журналист Анна Данченко әзілкеш Қайрат Әділгерейдің 150 миллион теңгеге салған жаңа үйін көрсеткен еді.