Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін айтты.
«Мәйітті жууға кіргендер шошынып қалды»: Салтанат Нүкенованың ағасы жаңа деректерді бөлісті
8,729
оқылды

Павлодар қаласының экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жария етті. Бұл туралы ол журналист Болат Аманбаевқа берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, Салтанат бала кезден ашық-жарқын болған. Тіпті, марқұм оқу орнын үздік аяқтап, ешкімге салмақ салмай өз күшімен аяққа тұрған екен.

"Салтанат өте жарқын қыз еді. Оқу орнын аяқтады. Өз жұмысымен айналысты. Ол өзін-өзі қамтамасыз етті, бәрі болды, ешкімге тәуелді болған жоқ, бізден ешқашан ақша сұраған емес. Бәріне өзі жетті. Ашық еді, бәріне көмектескісі келіп тұратын, бәріне құрметпен қарайтын. Иә, кей блогерлер Бишімбаевты ақтап алғысы келетін шығар. Менің ойымша, халықты алдай алмайсың. Олар ақ пен қараны ажырата алады ғой. Ақша үшін істеп отырған блогерлер адам емес. Мұндай сұмдықты өздеріне тигенде түсінетін шығар. Олар тіпті блогер емес, қалай айтарымды да білмеймін. Бишімбаевтың отбасы өз ұлын қорғаштай бастады, әрине. Бірақ біз үшін ол – құбыжық, қанішер. Біз оларды өмір бойы кешірмейміз. Кез келген нәрсені кешіруге болады. Иә, байқаусызда өлтіріп алса, кешіруге болатын еді. Бірақ біз оның қарындасымды қалай мазақ еткенін көріп отырмыз. Былай барлық құбыжық істемейтін шығар. Егер біз кешірсек, ол басқа адамды өлтіріп қоюы мүмкін, ол басқа қайғылы жағдай болар еді", – деді ол.

Сондай-ақ, Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін атап өтті.

"Айтып тұрмын ғой блогерлерді жалдаған, тергеу ісі де басқаша жүріп кетуі мүмкін. Оның ағзасында 0,65 промилле (алкоголь – ред.) болды дейді. Егер адам түнімен ішсе де, куәгерлердің, інісінің айғақтары бола тұра, тек 0,65 промилле табылғаны бір нәрсені меңзеп тұр. Біз оған жасалған сараптамаға күмәніміз бар. Көбі ол есірткі қолданды дейді. Бірақ есірткі қолданғаны расталған жоқ. Тергеу оны жауапкершіліктен босатқысы келіп тұр", – деді ол.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасының сөзінше, мәйітті жуған әйелдер оның денесін көріп шошып кеткен.

"Олар көп мәйіт жуған. Олар мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған. Бұл інісі де өлім туралы хабарламағаны үшін емес, адам өлтіруге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Бейнежазбаларды өшірген адам да – Бишімбаевтың бандасындағы біреу. Оның бәрін соттау керек", – деді Қ.Нүкенов.

Қайрат Нүкенов жантүршігерлік қылмысқа қатысты түрлі жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.

"Салтанатты қаралау арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастырып, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті. Қылмыскердің айуандығын дәлелдеу үшін мәйіттің фото, видеосын жариялау – соңғы амал", – деді ол Болат Аманбаевқа берген сұхбатында.