Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді.
"Қызды кабинетінде зорлаған": Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы қамауға алынды
3,562
оқылды

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді.

Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды.

"Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 2-бөлігі бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы күдікті деп танылып, уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Тергеу жалғасуда. Іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында", - деді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Фото: polisia.kz