Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өседі.
2024 жылы қандай әлеуметтік төлемдер өсетіні белгілі болды
1,129
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы қандай әлеуметтік төлемдердің өсетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өседі.

Еңбек министрлігі мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің осы түрлерін санамалап берді. Атап айтқанда, бұлар:

мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

жерлеуге арналған біржолғы төлем;

бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;

арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедекті күтетін адамға мемлекеттік жәрдемақы.

фото: kapital.kz