44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау басталған.
Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялау басталды – СІМ
964
оқылды

Газа секторындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі елшіліктердің үйлесімді және нақты іс-қимылдарының арқасында біздің Газа секторындағы отандастарымызды эвакуациялау басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау басталған. Бұл топта Қазақстанның 44 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшесі бар», – деді ведомствоның ресми өкілі.

СІМ өкілінің айтуынша, Қазақстаннан басқа 9 ел өз азаматтарын эвакуациялауға кіріскен: Марокко, Иордания, Ресей, Испания және Швеция, Нидерланды, Перу, Ұлыбритания, АҚШ.

"Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан «Рафах» өткізу пунктінен іске асырылады. «Рафах» бекетінен барлығы 594 адам өтеді.

Бекеттен өткеннен кейін Қазақстан азаматтары Каирге автокөлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі", – деді Айбек Смадияров.

фото: Halyq Uni