Петропавлда әскери қызметкер әріптесінің атқан оғынан көз жұмды.
Петропавлда әскери қызметкер әріптесінің атқан оғынан көз жұмды
627
оқылды

Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері ішіне тиген оқтан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атқан оғынан жараланып, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда оны құтқару мүмкін болмады», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Аталған дереке қатысты ішкі тергеу тағайындалды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Ұлттық ұлан қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», – делінген ҚР Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.

Жергілікті БАҚ марқұмның жасы 38-де екенін жазды. Ол «Бүркіт» арнайы жасағының жүргізушісі болған.

Фото: obozrenie.kz