Аталған факт бойынша полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қостанайда 18 жастағы жігіт досын пышақтап өлтірді
935
оқылды

Екі жігіттің арасында жанжал шығып, салдарынан біреуі қайтыс болды. Оқиға таңғы уақытта болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаны Қостанай облыстық Полиция департаменті растады.

"8 қараша күні сағат 05:30 шамасында Досжанов көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған жанжал кезінде 18 жастағы жігіт 22 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды", – деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Фото: polisia.kz