Астана соты Ұзақовтың екі айға қамауға алынғанын растады.
Астана әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды
906
оқылды

Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-к сілтеме жасап.

 Мұны Антикордың баспасөз қызметі растады.

"Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Астана сотының баспасөз қызметі 2023 жылғы 11 қарашада қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі алдағы уақытта брифингінде бұл факті бойынша толығырақ ақпарат беруге уәде беріп отыр. Ол 15 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, Астана Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының сайтында басқарма басшысы болып Марсель Ұзақов екені көрсетілген.

Фото: әлеуметтік желіден