Жол апаты 12 қарашада Ұзынағаш – Күрті тасжолында болған.
«Қаза тапқандар бар»: қазақстандық блогер жол апатына түсті
Фото: Egov.press
1,353
оқылды

Алматы облысы Жамбыл ауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 қарашада Ұзынағаш – Күрті тасжолында болған.

«Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes көлігінің 2002 және 2003 жылдары туған екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды», – делінген хабарламада.

Аталған факті аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тексеріліп, тиісті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған көлік «Саяхатшы Диас» деген атпен танымал TikTok блогерге тиесілі деген ақпарат тарады.