Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.
Бишімбаевтың әйелінің өлімі: мейрамхана директоры 2 айға қамауға алынды
1,271
оқылды

Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директоры екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», – делінген ПД хабарламасында. 

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – делінген ақпаратта.

фото: әлеуметтік желіден