Белгілі нумеролог Ақбота Әбілтай кеше ғана дүниеден озған марқұм Болат Назарбаевтың өміріне қатысты анализін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жұлдызшының пайымынша, тұңғыш президенттің інісінің төрт бірдей екілігі бар. Энергияның доноры. Егер игере алса алапат қуат, игере алмаса адамның соры.
"Үш үштігі бар, қабілетті-ақ. Бірақ бірлігі кем, ерік-жігер, табандылық жетіспейді. Чакрологиясында да мінез чакрасы – Манипураның әлеуеті төмен (25%). Тегеурінді мінез жоқ. Ауқымды істерді қамти алмайды. Үлкен билік пен бизнес бұл кісіге қол емес. Себебі үлкен билікке үлкен масштаб, тегеурінді мінез, харизма керек.
Мінезден кейін, екінші қиын дүние – ілім-білім, ғылым саласы. Себебі интеллект чакрасы – Аджна да блокта (24%). Ілім-білім зордың күшімен беріледі. Ғылым да бұл кісіге қол емес. Ілім-білімде аяңдап, ізденіп, дами береді. Жалпы чакралардың сандық көрсеткіші бір сөзбен айтқанда адамның адымы, масштабы ғой. Бұл кісіге өмірде өзіне керекті ілім-білімді біртіндеп оқып-тоқып, мінезді өмірлік ситуацияларда дұрыс қимылдай алатындай базалық деңгейге дейін жану, қалыптастыру керек", – дейді Ақбота Әбілтай.
Ол марқұмның мықты жағы көп болғанын да алға тартады. Үш бірдей бағыт оң жамбасына келер еді.
Біріншісі – публика, шоу, шығармашылық, сахна. Вишудхасы жетекші (93%) чакра болғандықтан, бұл кісіде жүрген жерін сахнаға, шоуға айналдыра алатын, өзін қысылмай, барынша көрсете алатын потенциал бар.
Екіншісі – спорт. Физикалық чакрасы – Муладхараның көрсеткіші жоғары (80%). Оған жоғарыда айтқан алапат биоэнергиясын (2222) қосыңыз. Төрттігі де, алтылығы да бар, физикалық белсенділігі де жоғары. Бұл кісіден жақсы спортшы да, жақсы бапкер де шығар еді. Спортқа тән әлеуеті де жетіп тұр, жастарды жаттықтыруға мейірімі де, шыдам-төзімі де жетер еді.
Үшіншісі – қоғамға қызмет ететін салалар. Жүрек чакрасы – Анахатаның да әлеуеті жақсы (77%). Мейірімді, кең, қолы ашық, кек сақтамайтын, сақтаса да кешіре алатын адам. Осы әлеуетті үш чакрасын: Вишудха, Муладхара мен Анахатаны біріктіретін салаларға барса тіпті алдына жан салмайды. Мәселен бапкерлік, қызмет көрсету салалары мен физикалық қимылды талап ететін кез келген сала. Оның бәріне бұл кісіде қуат та, мейірім де, жанкештілік те жеткілікті.
"Свадхистанасы да нормадан жоғары. Контурларының ішінде ең мықтысы – физикалық контур. Жоғарыда айтқан Муладхара мен Свадхистана – физикалық контурды құрайды. Мұндай адамға базалық қажеттіліктер қашан да бірінші орында: тамақ, жатын орын, баспана, комфорт, күтім, денсаулық, отбасы, т.б.", – деген анализінде нумеролог.