Сот үкімі бойынша ер адам 20 жылын түрмеде өткізеді.
Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты
1,034
оқылды

Түркістан облысының Арыс қаласында бес жасар қызды зорлаған педофилге қатысты қылмыстық іс аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәбірленушінің жасы ескеріліп, сот жабық есік жағдайында өтті. Ер адамның бес жасар қызды жәбірлегені туралы ақпарат 2023 жылдың мамыр айында тараған. Хабарламада жарақат алған қыздың көмейі жыртылып, жансақтау бөлімінде жатқаны жазылған. Алты айдан кейін тергеу мен сот процесі аяқталды. Сот үкімі бойынша ер адам 20 жылын түрмеде өткізеді. Іс материалдарына сай, сотталушы мен жәбірленуші көрші болған.

"21 мамырда сотталушы жәбірленушінің аулада жалғыз ойнап жүргенін көріп, қылмыстық ниетпен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасап, оған жақындап, қолынан ұстап, подъезге кіргізген. Ол үйге бірінші сыртқы есік арқылы кірген, 3-қабатта ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, шалбарын шешіп, кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған", – деді Әсет Серікбаев.

Педофил өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Сотталушы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

"30 қазандағы сот үкімімен сотталушы "Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану" бабы бойынша кінәлі деп танылып, сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Cонымен қатар ол өмір бойына педагогика қызметімен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды", – деп атап өтті Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы.