Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Астана отын-энергетика кешені басшысы не себепті ұсталғаны белгілі болды
827
оқылды

Астана қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығы пара ретінде қала сыртынан үй алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифинг барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Ол мекеме басшысынан саяжай түрінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Пара Астанадағы кәріз құрылысын салу жөніндегі жеткізушіні анықтау кезінде жеке ұйымның мүддесін алға тартқаны үшін берілген», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды және қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Фото: әлеуметтік желіден