Шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Астанада студенттердің басын қосқан алғашқы «StudQuiz» өтті
646
оқылды

Кеше елорда төрінде Халықаралық студенттер күніне орай қазақша куиз – зияткерлік сайысы өтті. Онда партия хатшысы  Ержан Жұматұлы Жылқыбаев көпшілікті құттықтап, сөз сөйледі.

Шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда елімізде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 6 млн-нан асады, оның 575 мыңнан астамы жоғары оқу орындарында, ал 531 мыңы колледжде білім алатын студент жастар.

Дәл осы студенттер  арасынан Астана қаласындағы Жоғары оқу орындарының білім алушыларын жинаған  зияткерлік сайыста – ең тапқыр, үздік әрі данышпан жастар да болды. Студенттердің білім алуымен қатар бос уақыттарын тиімді, дұрыс бағытта пайдалануы қуантады. Жаңа таныс, орта мен дағдыны игеруде «StudQuiz» таптырмас алаң.

Ол туралы партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында да анық көрсетілген.

Заман талабына, уақыт сұранысына сай алдыңғы қатарда дамығысы келетін кез келген мемлекеттің азаматтық қоғамы мықты, білімді болуы тиіс.