Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігін жүргізуші жасаған құқықбұзушылық анықталды.
Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде жүргізген. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмаған болып шықты.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 27 жастағы азаматшаның кім екенін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.
Фото: yandex.kz