Бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болды. Бұл туралы Ұлттық статистика басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Ведомство мәліметінше, 14 қарашада Қазақстан Республикасы халқының саны 20 миллион адамға жетті.
Қолда бар демографиялық деректерге сүйене отырып, 20 миллионыншы азаматтың туған күні ғана емес, елімізде тұрақты тұруға келген және одан туған және қайтыс болғандардың да саны белгілі екен. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берген.
"Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3-уі ұл және 2-уі қыз", - делінген хабарламада.
Еліміздің санын 20 миллионға жеткізген нәрестелердің бірі – Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 14 қараша күні сағат 08:10-да дүниеге келді. Сәбидің есімі – Ақылбек Томирис Сұңғатқызы. Бұл Сұңғат Сейітжан мен Әйгерім Молдашеваның тұңғышы.
Ата-ананы облыс және қала басшылығы құттықтады. Бұл күні Жезқазғанда тағы 10 бала дүниеге келді. Қала әкімдігінен барлық жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табыстады.
Бұған дейін Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келгені белгілі болған еді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.