Тамақтану және психикалық денсаулық жөніндегі мамандардың айтуынша ,жұмыс күнінің ортасында шаршаудан арылуға көмектесетін тиімді тәсілдерді әркімнің білгені жөн. Aikyn.kz адамның жұмысқа ынтасын күшейтетін 10 тәсілмен Ferra.expert сайтында жарияланған материалға сілтеме жасай отырып таныстырады.
Фото depositphotos сайтынан алынды. Авторы: fizkes
Жұмыс күнінің ортасында күші таусылып, шаршау белгісі біліне бастағанда мамандар мынадай кеңестер береді. Бірінші. Жақсы көретін бейнелерді, жақын адамдардың, ата-ана мен балалардың, достардың суреттерін қарау. Индиана университетінің медиа мектебінің 7 000 адам қатысқан зерттеуі бұл белсенділіктің көңіл күйді жақсартатынын, стресті төмендететінін және энергияны арттыратынын көрсеткен.
Екінші. Темірге бай тағамдар жеу. Темірдің төмен деңгейіне байланысты адам тез шаршайды. Кептірілген жемістер, асқабақ тұқымдары, қара шоколад нағыз темірге бай тағамдар.
Үшінші. Сағыз шайнаудың миға қан баруын арттыратыны, бұл өз кезегінде сергектіктің жоғарылататыны дәлелденген.
Төртінші. Бірнеше минут бояу кітабындағы суреттерді бояу стресті жеңілдетеді, алаңдаушылықты азайтады және зейінді арттырады. Сары және қызғылт сары түстер энергия деңгейін арттырады деп саналады.
Бесінші. Салқын душ қабылдау немесе басты салқын сумен жуу. Осының арқасында иммундық жүйе нығаяды және адамның қуаты артады.
Мынадай қысқа видеолар да көңіл күйді көтереді:
Алтыншы. Ұнайтын музыка тыңдау. Британдық дыбыс терапиясы академиясының жаңа зерттеулері ұнамды әуенді тоғыз минут тыңдаған адамдардың 65%-ы өзін бақытты сезінетінін, 89%-ының энергия деңгейі жоғарылағанын және 82%-ы өз өмірлеріне риза екенін сезінді.
Жетінші. Жарық жерге шығу немесе бөлмеде шам жағу. Жарықтың мол болуы серотониннің бөлінуін күшейтеді, бұл адамды сергітеді және жігерін өсіреді.
Сегізінші. Өзіне ұнайтын парфюмерия себу. Көптеген клиникалық зерттеулер белгілі бір эфир майларының энергия деңгейін жоғарылататынын және шаршауды жеңілдететінін растаған. Мысалы, жалбыз майы физикалық өнімділікті жақсартып, шаршауды болдырмайды, ал эвкалипт майы сананы оятып, тазартады.
Фото diagnost-nsk.ru сайтынан алынды
Тоғызыншы. Жақсы көретін адамға, досына қоңырау шалу. Байланыс көңіл күйді жақсартатын, кортизол мен стресс деңгейін төмендететін дофамин мен окситоциннің бөлінуін күшейтеді.
Оныншы. Жаңа зімбір сығындысын ішу, әдетте 50 мл аспауы тиіс. Зімбір – адамның күш-қуатын өсіретін табиғи стимулятор.
Қабылдайтын тағам түрлеріне, дәрілік препараттарға әрбір адамның ерекше реакциялары болуы мүмкін. Сондықтан мамандар бұл кеңестерде айтылған тағам түрлерін тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдану қажеттігін ескертеді.