Астанада Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Antares қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемені ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды.
«Кінәлілер Instagram және Telegram әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған», – делінген хабарламада.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Үкім күшіне енді.
Фото: sputnik.kz