Алайда келеңсіз оқиғаға куә болған жолаушылардың ешқайсысы балаға араша түсспей, жай ғана қарап тұрған.
Алматыдағы аялдамада егде жастағы кісі баланың қолын қайырып, күш көрсеткен
3,854
оқылды

Алматы қаласындағы аялдамада егде жастағы белгісіз ер адам баланың қолын қайырып, қысым көрсеткен бейнежазба тарады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Онда азаматтың өтіп бара жатқан адамдар мен баланың айғайлағанына қарамастан әрекетін жалғастыра бергенін байқауға болады. 

Ал Алматы қалалық полиция департаменті мамандары егде жастағы азаматқа шара қолданылатынын мәлімдеді.

"Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі ҚР-ның заңнамасына сәйкес одан әрі шаралар қолданып, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды”, – делінген ведомство жазбасында.