17 қарашада синоптиктер еліміздің 9 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда да қатты жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с құрайды. Ақтауда таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, сондай-ақ Түркістанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Абай облысының орталығында, батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп болжанады.