Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
Павлодар облысы тұрғынынан құны 2 миллиард болатын киік мүйізі тәркіленді
1,598
оқылды

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды. Мүйіздерді облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментінің қызметкерлері тәркілеген, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

– Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.