Асхат Жақашев Әулиекөл ауданында болған былтырғы алапат өртке кінәлі деп танылған.
Қостанайда орман шаруашылығының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды
885
оқылды

Қостанай облысында орман шаруашылығының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

 

Асхат Жақашев Әулиекөл ауданында болған былтырғы алапат өртке кінәлі деп танылған. Бұған дейін қылмыстық сот оны 371-бап бойынша айыптап, 4,5 жылға шартты жаза кескен еді.

Алайда істі қайта қараған облыстық сот алқасы бұл мерзімді нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бұрынғы басшы жеке кәсіпкерлерге өрт қаупі жоғары кезде орманда жұмыс істеуге рұқсат берген. Осы қызметіне жүйелі түрде ақы алып отырған. Екі жыл ішінде оның есепшотына осындай жолмен 15 млн теңге түскені анықталды.

«Жақашевтің әрекеті Қылмыстық кодекстің 361-бабында белгіленген, қызмет бабын асыра пайдалануға жатады. Ал жаза істеген қылмысының және оның салдарының аса ауыр зардаптарға соқтыруына байланысты тағайындалды», – деді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев.  

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев