Жүк пойызының вагондары облыс аумағында рельстен шығып, аударылып кеткен,– деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Бұл туралы "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«16 қараша күні сағат 12.50-де Астана-Қарағанды учаскесінің Ақмола облысындағы бөлігінде жүк пойызында вагондар рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Басқа пойыздардың уақытынан кешіктірілуі болған жоқ. Пойыз қозғалысы көрші жолдар бойынша жүргізілуде, – деді ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.
Астана-Қарағанды стансасындағы жағдайды жою мақсатында қалпына келтіру пойызы жіберілген.
Фото: автордан
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ