Астанада Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойыннан кейін жанкүйерлер еріктілерден үлгі алып, стадиондағы қоқыстарды жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Елордалық бір топ еріктілер мен жанкүйерлер Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасының Сан-Марино құрамасына қарсы ойынынан кейін «Астана Арена» стадионында қоқыстарды тазалады. Қалалықтар футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігіне ғана емес, олардың жанашырлығына да риза болды. Өйткені сенбілікке «Астана жастары» КММ белсенділері де, еріктілері де, барша Астана тұрғындары да қосылды.