Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны өз пәтерінен өлі табылды. Оның денесінде зорлық белгілері бары анықталды. Полиция күдіктіні тез арада қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Костанайские новости" басылымының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, қаза тапқан адам 8-ықшамаудандағы үйлердің бірінде тұрған.
"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын тергеудің құпиялығына байланысты жария етуден бас тартты.