Басты жекпе-жек – бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен әлемге танымал жапон спортшысы Акихиро Кондоның кездесуі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте 27 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 20-сында қарсыласын нокаутпен жеңген. Бұл жолы әлемге танымал, көп дүркін Жапония және Азия чемпионы Акихиро Кондомен (37-11-2, 21 КО) жұдырықтасады.
Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белдіктерін сарапқа салады.
Бұдан бөлек, шаршы алаңға Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев сынды отандастарымыз шығады.