18 қарашада Германия Федеративтік Республикасынан еліміздегі букмекерлік кеңселердің бірінің қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасы Д. экстрадицияланды.
Мемлекетке 87 миллиард теңге залал келтірген күдікті Германияда ұсталып, елге жеткізілді
957
оқылды

Күдіктіні экстрадициялауды ҚР Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігі және Интерполдың көмегімен жүзеге асырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқаны үшін күдікке ілінген. Аталған құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді. Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оған халықаралық іздестіру жарияланды. 2023 жылы мамыр айында ол Германия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды", – деп жазды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені де нақтыланады.

"Іздеуде жүрген адамды экстрадициялау германдық құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Бұдан басқа, Германиямен арада ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, биыл осы елден Қазақстанға адам өлтіру және есірткі саудасы бойынша күдікті тағы 2 адам экстрадицияланды", – делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Германия тарапына қорқытып алу және зорлау қылмыстарын жасағаны үшін іздеуде жүрген 2 адам ұстап берілді.