Рединг университетінің зерттеуші-оқытушысы Джессика Иствуд ішектегі микроағзалар ақыл-ойды жақсартып, күйзеліс кезінде көмектесетінін жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Stan.kz жазған Иствудтың сөзінше, ішектегі микроағзалар ми жұмысына оң әсер етеді. Әзірге бұл байланыстың қалай жұмыс істейтіні толыққанды зерттелмеген, бірақ ішектің түрлі микрофлорасы тек ас қорыту кезінде көмектесіп қоймай, эмоциялық және ақыл-ой саулығына септігін тигізеді.
"Миға әсер ететін заттың барлығы ішекке, ал ішекке әсер ететіндер миға әсер етеді", – дейді Иствуд.
Зерттеушінің айтуынша, күнделікті пробиотиктер ішу қарттарға өте пайдалы, себебі пробиотик ойлау қабілетінің төмендеуінің алдын алады. Ал жастарға мұның еш әсері жоқ дейді. Өйткені жас кезде ішек жақсы жұмыс істейді. Тек күйзеліс кезінде ішекте пайдалы микроағзалар азайса, есте сақтау мен зейін қою қабілеті төмендейді.
"Емтихан тапсыратын немесе қиын кезеңде өткеріп жатқан адамдарға пробиотиктер ішу өте пайдалы", – деп қосты маман.